Кітапхана, Сауаттылық және Жасанды интеллект» мектепшілік байқауы
«Кітапхана, Сауаттылық және Жасанды интеллект» мектепшілік байқауы
Мектепшілік байқау ережесі
«Кітапхана, Сауаттылық және Жасанды интеллект» мектепшілік байқауының ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
Байқау Халықаралық мектеп кітапханасы айы (ISLM 2026) аясында өткізіледі. Мақсаты — оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ЖИ құралдарын сауатты қолдануды үйрету және кітап оқуды насихаттау.
2. Байқаудың номинациялары мен қатысушылар санаттары:
* «Болашақтың кітапханасы»,«Менің Отаным-Қазақстан» сурет байқауы (1-4 сыныптар): Дәстүрлі сурет салу техникасы (акварель, гуашь, қарындаш).
* «ЖИ және менің сүйікті кітабым» эссе байқауы (5-8 сыныптар): Көлемі 200-250 сөз. Оқушылар ЖИ-дің кітап оқу мәдениетіне әсері туралы өз ойларын жазады.
* «Цифрлық креатив» жобалар байқауы (9-11 сыныптар): Оқушылар ЖИ сурет генераторларын (Midjourney, Bing Image Creator т.б.) қолдана отырып, қазақ немесе әлем әдебиеті классикалық шығармаларына заманауи кітап мұқабасын (букдизайн) немесе комикс жасап ұсынады.
3. Жұмыстарды бағалау критерийлері:
* Тақырыптың ашылуы және өзектілігі.
* Идеяның ерекшелігі мен креативтілігі.
* Цифрлық жобалар үшін: ЖИ-ді қолданудың этикалық нормаларын сақтау (пайдаланылған нейрожелі атауын және промпттарды көрсету міндетті).
* Эссе үшін: Сауаттылық, дербес талдау жасау (дайын ЖИ мәтіндерін көшіріп алуға тыйым салынады, Antiplagiat жүйесімен тексеріледі).
4. Мерзімі:
Жұмыстар 2026 жылдың 15.10-20.10 дейін мектеп кітапханасына қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау 23.10.2026 жылы өтеді.
