1 қыркүйек күні
«Алғашқы қоңырау» шарасында облыс әкімі Ерлан Арын мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады. Салтанатты жиынға ата-аналар, қонақтар, БАҚ және «Қазақстан-Павлодар», «Ирбис» телерадиокомпаниясы өкілдері қатысты.
Облыс әкімі мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге сыйлықтар жиынтығын, мектепке теледидар тарту етті.
Жиын соңы ән шашуға ұласты. 1 сынып оқушылары аспанға көздің жауын алатын шарларды ұшырып, мектеп бітірушілер табыстаған «Білім кілтін» қолдарына ұстады.