«Үздік ақпараттық сайт»
2012 жылғы 12 наурыз – 7 мамыр аралығында білім беру мекемелері арасында «Мемлекеттік тілдегі үздік білім беру сайты» атты облыстық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты – ұлттық бірлікті нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдылығын арттыру.
Oсы сайыста № 40 ЖОМ сайты «Үздік ақпараттық сайт» аталымы бойынша үздік деп танылды. Мектебімізге облыстық тілдерді дамыту Басқармасының және облыстық ақпараттық технологиялар Орталығының грамотасы табыс етілді.
Құттықтаймыз!!!