№ 40 орта мектебі базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық семинар өткізілді.
Семинардың тақырыбы: «Мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі».
Семинарға қала және ауыл мектептерінен 28 адам қатысты.
Бастауыш сынып мұғалімдері түрлі бағыттар бойынша шаралар өткізді:
- Саламатты өмір салтын қалыптастыру
- Құқықтық тәрбие
- Ата-аналармен жұмыс
- «Сәлем», «Здравствуй» мектеп газеттерінің тұсаукесері
- «Оригами», «Почемучки» үйірмелерінің жұмысы
- Жоғары сынып оқушылары кеңесі, мектеп белсенділерінің жұмысы
- Руханияттыққа тәрбиелеу.
Семинар соңында «Акварель» хореографиялық ансамблі, «Жас толқын» домбыра оркестрі, КТК мектеп командасының қатысуымен концерттік шара өткізілді.
Семинарға қатысушыларға мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар берілді.