1 қарашада мектебімізде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқығын қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшылықты әрекеттер профилактикасы мақсатында он-лайн режимінде «Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау» облыстық интернет-конференциясы өткізілді.
Шараға 8-10 сынып оқушылары, педагогтар мен ата-аналар қатысты.
Конференция жұмысына ІІД жетекшілері қатысты: полиция подполковнигі Б.Т.Қамзина (Павлодар облысы бойынша ІІД ювеналды полиция бөлімі бастығы), полиция подполковнигі С.А.Саенко (Павлодар облысы бойынша ІІД УБН бөлімі бастығы), полиция майоры Б.С.Сағитов (Павлодар қаласының ІІД аға жол инспекторы), полиция подполковнигі К.С.Сүлейменов (Павлодар облысы бойынша ІІД бастығының орынбасары).
Құқық қорғау органдары өкілдері оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жол-көлік жарақатының алдын алу, психобелсенді заттарды қолдану профилактикасымен таныстырып өтті.
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, отбасындағы зорлыққа жол бермеу мақсатында Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі Департамент директорының орынбасары Н.В.Нефедова оқу мекемесінде ата-аналар қоғамдастығы арасында, педагогикалық және оқушылар ұжымдарында түрлі шаралар өткізу туралы ұсыныстар айтты.
Конференция барысында көрсетілген бейнематериалдарға оқушылар қызығушылық танытты.
Шара барысында жасөспірімдер интернет-конференциясы қатысушыларына түрлі сұрақтар қойды.
Шараға «Қазақстан –Павлодар» ТРК өкілдері қатысты.