Қараша айында мектебімізде тиімді тамақтану бойынша онкүндік жарияланды
Қараша айында мектебімізде тиімді тамақтану бойынша онкүндік жарияланды. Онкүндік аясында бесінші сыныптар арасында дұрыс тамақтану бойынша жарнамалар сайысы өткізілді. Сайысқа оқушылар белсенді қатыса отыра, әділқазылар алқасына ертегілер қойылымын, мазмұнды жарнамалық плакаттар ұсынды. Сайыс жеңімпаздарын анықтау қиындық туғызды, алайда үш команда да мектеп көңілділер және тапқырлар клубына қатысатын болды. Сонымен қатар дұрыс тамақтану бойынша бастауыш сынып оқушылары арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізетін болды.