ҚЫЗДЫҢ КӨРКІ – ҚОС БҰРЫМ
7 наурызда «Ынтымақтастық» ББҰ көшбасшылары мектепте «Қыздың көркі - қос бұрым» атты сайыс ұйымдастырды. Сайысқа 5 -11 сыныптардың қыз балалары қатысты. Әділқазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиындық туғызды, себебі бұл күні сайысқа қатысушылардың барлығы көздің жауын алардай әдемі болды! Қыздар түрлі шаш өру үлгілерін көрсетті. «Шаш – адамның көркі» деп тегін айтылмаса керек....