Бір ел - бір кітап
Қазақстан Республика Ұлттық академиялық кітапханасы бастамасымен елімізде 2007 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел-бір кітап» акциясына қатысу шараларын жалғастыруда. Биылғы 2013 жылы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабы оқылады. Сол шараның барысында поэзияға, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру барысында №40ЖОМ кітапханасындаоқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналатын Фариза Оңғарсынованың жауһар жырларымен сусындады.