Балалар және жаз
Кәмелетке толмағандардың шығармашылық қабілетін дамытуда, құқықбұзушылықтың алдын алуда жазғы мерзімде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудың маңызы зор.
2013 жылдың жаз айында мектеп педагогтарының бастамашыл тобы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын, демалысын және сауықтыруды ұйымдастыру бойынша жаңа «СОРОКа» атты бағдарламасын құрастырды. Аталған бағдарлама «Балалар және жаз» республикалық сайысына жіберілді.
Республикалық байқау-сайысының қорытындысы бойынша біздің педагогикалық ұжым жеңімпаз атанды. Мектеп ұжымы 2013 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын үздік ұйымдастырғаны үшін дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Құттықтаймыз!