Жол жүру ережелерін үйренеміз
7 маусымда VI отряд оқушыларымен (тәрбиеші Осадчая А.А.) жол жүру ережелері бойынша практикалық сабақ өтті. Сабақтың материалы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктелген болды. Бұл - пиктограммалар, сөзжұмбақтар, шығармашылық тапсырмалар: «Жол белгілері», «Рет-ретімен қой», «Бұл қандай белгі?» ойындары өткізілді. Сонымен қатар балалар ЖЖЕ бойынша психологиялық ойындарға қатысып, түрлі тапсырмаларды орындады. Практикалық сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар көп болды. Шара соңында ЖЖЕ білгірлері грамотамен марапатталды.