«Жаз, кітаптар және біз – айнымас достармыз»
Жақсы кітап – рухани азық. Кітап адамның рухын сақтайды, жүрегі мен миын азықтандырады, өзін-өзі тану сезімін оятады. Балаларды өмірге бейімді болуға үйретеді және ой-өрісін арттырады. 16 маусымда мектеп кітапханасында «Жаз, кітаптар және біз – айнымас достармыз» атты шара өткізілді. Лагерь оқушылары балалар ақындары мен жазушыларының шығармаларымен танысты. Содан соң ақын-жазушылардың шығармалары бойынша викторина өткізілді. Балалар С.Маршактың өлеңдері бойынша түсірілген мультфильмді тамашалады.