«ПІСІРІЛГЕН КАРТОП МЕРЕКЕСІ»
Лагерьде үйренген теориялық білімді іс жүзінде қолданатын уақыт та келіп жетті.
Туристік саяхат. Ең бірінші, әрине, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек. Жол бойы қауіпсіздік ережелері, табиғат аясында алау жағу, ормандағы ережелер, шатырды қалай құру және т.б.
Суды тез ысытып, қайнату үшін алау түрін таңдаймыз. От жағып, алауда тамақ пісіру – балалардың сүйікті ісі. Тамақтанған соң балалар таза ауада ойнауға кірісті. Шаршап-шалдыққандары шатырлы үйге кіріп, тынығып алды. Табиғат аясында болған мезет лезде өте шықты. Бізді алда әлі де қызықтар күтіп тұр...