«Компьютер ойындары сағаты»
«Жаз- 2014» жобасын игеру аясында «Компьютер ойындары сағаты» үйірмесі жұмыс жасады.
Үйірме жұмысының мақсаты: Компьютердің мүмкіндіктері туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру, компьютерді пайдалануға деген қызығушылығын арттыру.
Үйірменің жұмыс кестесі: сағат 09.00-13.00 .
2014 жылғы 2-21 маусым аралығында үйірмеге 250 оқушы қатысты: лагерьге қатыспайтын орта және жоғары буын оқушылары және «Радуга» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері балалары.
Оқушылармен бірінші сабақта ДК-мен жұмыс жасауда техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулық өткізілді. Балалар өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысты.
Компьютердің негізгі құрылғыларын бекіту үшін түрлі ойындар өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларымен «Уақыт басталғанға дейінгі жер» ойын бағдарламасы ұйымдастырылды. Ойын барысында кішкентай бүлдіршіндер әріптер мен сандарды қайталады, сөздер мен суреттер құрастыруды үйренді, сөзжұмбақтар шешіп, түрлі тапсырмалар орындады. «Компьютер ойындары сағаты» балаларға ұнады.