«Оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы»

Әдістемелік күн шеңберінде №40 ЖОББМ-де Т.Н.Поликарпова мен С.Н Голубничаяның жетекшілігімен «Оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы» атты шебер-класс өткізілді. Шебер-класс бағдарламасына балалардың қорытынды аттестацияға дайындығына байланысты көптеген көкейкесті сұрақтар болды, олар:
1. ҰБТ-ға дайындық кезінде заманауи көзқарастар;
2. Математика бойынша есептерді шешудің тиімділігі. Математика мұғалімі С.Н:Голубничаяның жұмыс тәжірибесінен.
3. Жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін қолдану. Биология пәні мұғалімі Т.Н.Поликарпованың жұмыс тәжірибесінен.
Қатысқан қонақтар мұғалімдердің жұмысын жоғары бағалады. Жұмыстың жүйелілігін атап өтті. Мектеп мұғалімдері оқушылардың ҰБТ-ға дайындығында білім мен тәжірибені жетілдіру мүмкіндігіне алғыстарын білдірді.