Дунаев Михаил – халықаралық ғылыми жұмыстары сайысының жеңімпазы
2016 жылғы 8 желтоқсанда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында бірінші Халықаралық мектеп оқушыларының «Жаңа идеялар» атты ғылыми жұмыстарының сайысы өткізілді. Біздің институттың ғалымдарына, Германиядан қонақтары профессор Х.Маркуске және Георг-Август атындағы Гётте университетінің докторы Ч.Дуламсуринге оқушылардың ғылыми жұмыстары көрсетілді. Біздің мектептің 9 «в» сыныбының оқушысы Дунаев Михаил «Мектеп оқушыларының ең үздік ғылыми жұмыстары» номинациясында «Мектеп ауласының көгалдануында тәлімбақтың ролі» тақырыбы бойынша жұмысы үшін 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жоба жетекшісі биология пәнінің мұғалімі О.В.Нуркенова. Жарайсыңдар жеңімпаздар!