Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп барлығы үшін бе?
08-12-2016 06:19
Мектеп барлығы үшін бе?

2016 жылғы 7 желтоқсанда Павлодар қаласының №40 ЖОББМ базасында жалпы білім беру мектептерінде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша «Жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балалармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» атты облыстық семинар өткізілді. Іс-шараға психологиялық ғылым кандидаттары мен ИнЕУ дефектология магистрлері, инклюзивті білім беру сұрақтарын жетекшілік ететін мектеп директорларының орынбасарлары, логопед-мұғалімдер, дефектологтар, облыстың және қаланың жалпы білім беру мектептерінің әлеуметтік педагогтары қатысты. Семинарда жалпы білім беру мектебіне инклюзивті білім беруді тәжірибелік енгізу бойынша сұрақтар қарастырылды, кәдімгі сыныптарда оқытылатын ЕББҚ және мүгедек балалармен сыныптан тыс іс-шаралар мен ашық сабақтар көрсетілді. «Мектеп барлығы үшін бе?» атты инклюзивті білім берудің көкейкесті сұрақтары бойынша коучинг өткізілді. Семинар қонақтарына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық қызметкөрсетуінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Инновациялық Еуразиялық Университетінің психологиялық ғылым кандидаты Т.М.Кравцова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде профессионалды өзгеру мен қиындықтың алдын алу» тақырыбына психологиялық тренинг өткізді және Қазақстан Республикасының логопедтер мен дефектологтар ассоциациясының мүшесі, дефектология магистрі Б.А.Шабанова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбы бойынша тәжірибелік сөз сөйледі. Мектеп жалпы білім беру мекемесінде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен таныстырды.