«Жырлаймын сені, туған өлкем»
2016 жылғы 23 қазанда Естай атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жырлаймын сені, туған өлкем» атты фестиваль өткізілді. Павлодар қаласы мен оның ауылдық аймағының шығармашылық ұжымы қазақстан жеріндегі туған өлкенің әсемдігі, достығы мен бейбітшілігі жайлы әндер айтып, би биледі. Әртістердің ең үздік нөмірлері іріктелініп алынып, «Жырлаймын сені, туған өлкем» облыстық фестивалінің гала-концертінде көрсетілетін болады. «Акварель» би ансамблі (жетекшісі С.А.Зубкова) қорытынды гала концертте «Ауылдағы мереке» би қойылымын ұсынатын болады.