
Мектепалды «Радуга» лагерінде балалардың бос уақыттары мүлдем болмайды, әрбір сағаттары жоспарланып қойылған. Күн сайын балалардың бос уақыты спорттық, музыкалық, арт-студио уақытымен, сонымен қатар компьютер ойындарымен толықтырылады. Балалар сабақтарға сүйсіне барады, себебі атаған үйірмелердің жетекшілері өз сабақтарының өткізілуіне жан-жақты қарайды, әр сабақтары қайталанбайды. Әр жасақ сағат10.00-ден 12.00-ге дейін ауысымды кестемен үйірмелерге қатысады, содан соң сағат 12.00-де акті залына жиналады, онда жалпы іс-шара өткізіледі. Осы жылы арт-студия жұмысын сәтті бастады, онда балалар музыка, сурет салу, әңгімелесу арқылы арт-терапиядан өтеді. Жыл сайын мектепалды лагерінде балалардың жазғы демалысының ең үздік ұйымдастырылуына септігін тигізетін үйірмелер саны арта түседі деген ниеттеміз.