«Жол бойымен жүру»
Бүгін 9 маусымда «Жас роботты техник» бейіндік жасағында оқушылар Lego Mindstorms бағдарламасында виртуалды роботты жинауды үйренді. Осы бағдарламада балалар Lego роботын жинауға көмектесетін негізгі бөлшектер мен тетіктерімен танысты. Бірнеше уақыттық жұмыста балалар «Жол бойымен жүру» жарысына қатысатын роботты жинап шықты. Осы жарыста робот сөреден мәреге дейін қара қисық сызықты трасса бойымен жүруі керек болды.