Осындай ұранмен 30 қараша күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық «Жас Қалам-2015» атты жас тілшілердің фестивалі өтті. Фестивальде өздерінің газеттерін шығаратын облыстың, қаланың мектептері қатысты. Біздің 13 жасқа толған «Сәлем» газетімен мектептің тілшісі Никита Мартынов таныстырды. Осы күні балаларға қызықты және пайдалы шебер-класстар өткізілді. «Біздің өмір» газетінің редакторының орынбасары, блогшы Федор Ковалев «Интернет - тілшілік» шебер-класын өткізді. Танымал фотограф Алексей Усов дұрыс суретке түсіре білу туралы айтып берді. Мектеп оқушылары облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшілерімен кездесті. Ең есте сақталатыны балалардың «Ирбис» ТВ-компаниясына бару болды. Іс-шараның жабылуында өздерінің идеялары мен жоспарларымен бөлісу мүмкіндігі ұсынылды. Сонымен қатар қорытындысы шығарылды. «Сенің әлемін» газетінің бас редакторы Елена Валентиновна Вайберт қорытындысын шағрағн соң барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс хаттары мен Дипломдарды сыйлады. Марапаттау рәсіміне фестивальдің қонақтары қатысты. Ең қуаныштысы, біздің мектептің «Сәлем» газетінің бас редакторы Валентина Даниловна Петроваға және мектептің аға тәлімгері Надежда Николаевна Маракинаға «Қағаз кемесінің капитаны» номинациясы бойынша Дипломын ұсынды. Ал мектеп «Ең үздік мектеп БАҚ» номинациясы бойынша Дипломмен марапатталды.
НИ ДНЯ БЕЗ СТРОЧКИ