Қазақ хандығы - бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны,Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы -хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы. Осы мерейлі күнге орай біздің мектебімізде оқушыларымызға Қазақ хандығының құрылуы туралы рухани, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында сынып сағаттары өткізілді
Халықаралық қарттар күні
80 –жылдардың аяғында бүкіл әлем бойынша 1- қазанды Халықаралық қарттар күні атап өтіле бастады.
Осы іс-шараларға біздің мектебіміз де қалыс қалмады.
Жылда жылға қарттарымыз азайып бара жатыр. Біздің мектебімізде әр сыныпқа бекітілген қарттары бар. Біздің сыныбымыздың қариясы – Тишкин Николай Петрович. Әр мерекеде біз қариямызды ұмытпай сынып жетекшімізбен құттықтап отырамыз. «Өткен менен кеткенді, көп жасаған қарт білер» деген нақыл сөздің мазмұнына үңілер болсақ, қариялардың болашақ үшін төккен тері мен еткен еңбектерінің зор екендігі баршамызға мәлім.
«Адам алдына қарап өседі, артына қарап ойланады»,- деп Ғ. Мүсірепов айтқандай, ата – дәстүрімізге зер салсаң, ежелден – ақ халқымыз балаларын үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеген.
Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп өр кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Қариялар, рахмет, сендерге!