1 қыркүйек – Білім күні

1 қыркүйек – Білім күні Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толуына орай және Республикамыздың халықтар Ассамблеясына 20 жыл толуына орай Павлодар қаласының №40 ЖОМ-інде салтанатты жиын өтті. Осындай салтанатты күні алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларына алғашқы сынып сағаттарында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан сыйлыққа кітаптар табыс етілді. Бұл жас бүлдіршіндерге жолдаған арнайы сый екені сөзсіз. Бүгін бұл құрметке еліміздің әр 1 сынып оқушысы ие болды. 1 сынып ұстазы Мырзатаева Нұргүл Нұртайқызы да бұл сыйлықта үлкен мән-мағына жатыр, бұл болашақ патриотты тәрбиелеп өсіруге зор үлес деп санайды. 1 сыныптың ата-аналары атынан Елбасымызға үлкен алғыс білдіреміз.