Балалар кітабының апталығы

Көктемгі каникул кезінде дәстүр бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы өтеді.Соған байланысты №40 ЖОМ кітапханасында бастауыш қазақ сыныптар арасында :« 2017 жылдың мерейтой-кітаптары»деген театрланған қойылым өткізілді . Бұл мейрамда әдеби кітаптардың білім көзі, рухани қазына, теңдессіз байлық екенін бастауыш сынып оқушылары түсініп,тәрбие алды. Бастауыш қазақ сынып жетекшілері мен оқушыларына белсене қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз