«Критериалды бағалау»
2017 жылңы 29 наурызда №40 ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Критериалды бағалау» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Мұғалімдер теориялық материалды меңгеріп, оқушылардың рөлінде тәжірибеде алған білімдерін ортаға салды: семинар жетекшісімен дайындалған жаттығуларды орындады, сонымен қатар оқушыларға арнап жеке тапсырмаларын жасады.