«БІЗГЕ БЕЙБІТШІЛІК ҚАЖЕТ»

Біз сіздерді шақырамыз, бұл біз үшін керек,
Жер бетінде бейбітшілік, достық болсын!
Күн сәулесі бізге әрдайым жарқырасын
Ал соғыс ешқашан еш жерде болмасын!
8 мамыр мектептің мәжіліс залында жақындап келе жатқан Жеңіс күніне арналған іс-шара болып өтті. 4-6 сынып оқушылары алдында мектеп оқушылары бейбітшілікті қорғайық деген ұранмен сөз сөйледі. Ғаламшардағы бейбіт өмір үшін әнмен, өлеңмен, суретпен өнерлерін көрсетті. Олар Ұлы Отан соғысының құрбандарын минуттық үнсіздікпен еске алды.