Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мың бала»
01-10-2018 12:03
«Мың бала»
     Сайыстың мақсаты – мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақтың ұлттық құндылықтарын балалардың бойына сіңіру. Мектеп бойынша бұл сайысқа 1-11 сыныптар арасынан 19 оқушы қатысты.
Конкурс мақсаты: әр этностық топтың балаларын мемлекеттік тілге негіздеу. «НұрАна» қоғамының мүшелері Байсаринова Тілеуқор апа және Белялова Сәуле апа әділқазылар алқасы болып, « Мың бала» атты Республикалық сайысын тамашалады.

Сайыс 3 кезеңді қамтыды:
I кезең- «Өзін-өзі таныстыру»;
II кезең-«Шешендік өнер»;
III кезең-Викторина сұрақтары.

     Әр оқушы өз білімдерін,өнерлерін көрсету арқылы бақтарын сынап, келген көрермендерге шаттық пен қуаныш сыйлады.Сайыс болған соң,жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығуы заңдылық.Қазылар алқасының шешімімен 1-орын 6 «Б»сынып оқушысы Зубкова Анастасия,2-орынды 8«Б»сынып оқушысы Шевченко Екатерина жеңіп алды.
3-орынды 5 «Б»сынып оқушысы Тюрин Никита алды.Барлық қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.