Мағжан оқулары
2018 жылдың 22 қазанда сағат 14.00-де № 21 мектепте Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен» қаланың жалпы білім беру мектептерінің 5 - 11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» байқауы өткізілді.
Оқудың мақсаты - дарынды балалар шығармашылығын дамыту және қолдау, ақын шығармашылығының оқушылары арасында насихаттау болды.
«Мағжан оқулары» 3 бағыт бойынша өткізілді: «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - жас оқырмандар байқауы. Ереже бойынша сырлы ақынның сиқырлы өлеңдерін мейлінше көп білулері тексерілді. Сондай-ақ оқушылардың өлең мазмұнына сай мәнерлеп оқулары да назарда болды. Сайыс тартысты өтті. Нәтижесінде 5- 11 сыныптар арасындағы сайыскерлерінің арасынан суырылып ақынның отыздан аса өлеңін жатқа оқып, сайыстан озған біздің №40 мектептің 6 «А» сынып оқушысы Жакенова Мөлдір ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ақынның екінші бағыты : «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауында да біздің мектептің 7 «А» сынып оқушысы Мукашева Гүлзат ақынға арнаған төл туындысымен қатысты. Жас ақындарды сайыс барысында тақырыпқа сай өлең шығартып, ақындық қабілеттерін сынады. Сайыс барысында сөзден «сырлы сиқыр» мен «өрнек» салған нағыз жас ақындар іріктелді. Нәтижесінде Мукашева Гүлзат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сайыстың үшінші бағыты: «Толқынмен толқын сырласып» - шығармашылық жұмыс бойынша мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Аманжолова Индира ақынның «Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін» өлеңі бойынша ғылыми зерттеу жобасын қорғады.
Бұл оқушылардың осы жетістігі - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Қаппасова Әлия Қадырқызы мен Сәкен Ботагөздің қажырлы еңбек пен жұмыла кіріскен ынтымақтастығының жемісі деп бағалауға тұрарлық. Сондықтан осы аталған оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді құттықтап, білім биігінен көріне берулеріне тілектеспіз.