ЖАСҰЛАНДЫҚТАР КҮНІ

30 қазанда М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Білім бер, тәрбиеле. Жақсылық жаса» атты ашық есік күні өткізілді. Аталған іс-шара шеңберінде «Заманауи көшбасшы» атты жасұландықтар күні іс-шарасы жүргізілді, біздің мектептің оқушылары белсенді қатысушылар атанды. Олар ең көп ұпай жинап, І орынды иеленді.
Жарайсыңдар балалар!