Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлері
![Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлері](/media/img/blogs/5c11400050320.jpg)
Қысқы күндері белгіленген дәстүр бойынша жыл сайын Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізіледі. Біздің мектептің командасы он үш адамнан тұрды, оның бесеуі жүлделі орындарды иеленді. 9 «Б» сынып оқушысы Досов Адиль - Қазақстан тарихынан 2 орынды, 11 «Б» сынып оқушысы Беляева Галина – қазақ тілінен 2 орынды, 10 «Б» сынып оқушысы Рондо Милена –биология пәнінен 2 орынды, 9 «А» сынып оқушысы Тайшоланова Батима – қазақ тілінен 2 орынды, 11 «Б» сынып оқушысы Дёмин Данил – география пәнінен 3 орынды иеленді.
Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз. Жарайсыңдар!