«Ұлы дала мұрасы»

Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз мерекесі қарсаңында № 40 мектепте "Ұлы дала мұрасы" көрмесі ашылды. Көрменің ашылу мақсаты патриоттық тәрбие беру, қазақ халқының тарихын зерделеу болып табылады. Оқушылар назарына тұрмыстық заттар, ұлттық аспаптар, әшекейлер, киім-кешек, киіз үй бұйымдары көрсетілді. Бұл іс-шара Ұлы далада өмір сүрген ата-бабаларымыздың тарихын есте сақтауға және құрметтеуге бағытталған.