№40 ЖОМ бейіндік отрядтарының балалары бірге Павлодар қаласының жағалау аймағында, Ертіс өзенінің жанында әдемі және жайлы демалып қайтты
№40 ЖОМ бейіндік отрядтарының балалары бірге Павлодар қаласының жағалау аймағында, Ертіс өзенінің жанында әдемі және жайлы демалып қайтты. Павлодарда Ертіс жағалауын шартты түрде бірнеше бөлікке бөлуге болады. Біріншісі-Өзен вокзалынан орталық жағажайға дейін өткен ғасырдың ортасында салынған, келесі шағын аймақ 90-шы жылдары салынды. Қалғандары – соңғы жылдары салынған. Теміржол көпіріне дейінгі соңғы екі аймақтың құрылысын осы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. Павлодардағы жағалау - Қазақстандағы ең ұзын, ең әдемі жағалау. Балалар Жағажайда жағажай аймағы, шамдар мен орындықтар, және спортпен шұғылданатын орындар бар. Балалар түрлі тренажерларда жаттығып, жағажайға жалаң аяқ жүгіріп, табиғат аясында және "Ertis Promenad" тамаша сахнасында "селфи"жасауды ұмытқан жоқ.