Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сүйіспеншілік – өмір негізі
21-02-2020 14:03
Сүйіспеншілік – өмір негізі

«Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ 2020 жылдың 12 ақпанында білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде бір уақытта өткізу жоспарланды. Осы шараға біздің мектебіміздің 6 «Ә» сыныбы да белсенді қатысты. Сабақтың мақсаты: оқушыларға қарым - қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, балалардың жүрегіндегі анасына, айналасындағыларға деген сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: • жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; • сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу; • оқушыларды туған елін, жерін, ата - анасын сүюге тәрбиелеу.

«Бәрінің бастауы - махаббат!» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?

Оқушылар осы сұрақтарға жауаптарын айтып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар үш топқа бөлініп, «Табиғат», «Ана», «Отан» сөздеріне өлең шығарып, оқып берді. «Сүйіспеншілік», «Мейірімділік», «Жақсылық» туралы ойларын ортаға салды.

Ашық сабақ соңында оқушылар Ана туралы өлеңдер оқыды.