Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біз экологиялық сайыстың жеңімпаздарымыз!
30-05-2020 10:59
Біз экологиялық сайыстың жеңімпаздарымыз!

«Жасыл әлем» қалалық еңбек десанты аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2020 жылғы 16 сәуір - 6 мамыр аралығында «Жасыл қала - Жасыл ел!»атты қашықтан қалалық байқау өтті. Мақсаты - адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз өлкесіне, қаласына, еліне ұқыпты қарау, біздің аймақтың «жасыл қорын» сақтау және қорғау бойынша экологиялық қызметке қызығушылық танытатын оқушыларды баулу және қолдау. Байқауға мектеп оқушылары қатысты. Сурет, аппликация, қолдан жасалған бұйымдар түріндегі шығармашылық жұмыстар «Табиғатқа бірге көмектесейік», «Туған өлке», «Эко-эмблема» аталымдар бойынша жүргізілді.

«Табиғатқа бірге көмектесейік» аталымы бойынша қатысушылар өз жұмыстарында экологиялық және табиғатты қорғау қызметін бейнеледі. Жүлделі орындарға мектептің үш оқушы қатысты.

«Туған өлке» аталымы бойынша балалар туған өлкенің табиғи мұрасын, аумақтың, қаланың, үйдің көрікті жерлерін көрсетті. Осы номинацияда мектептің үш оқушы жеңімпаз болды.

«Эко-эмблема» аталымы бойынша қатысушылар табиғатты қорғау қызметінің эмблемасын бейнеледі. Жүлделі орындарға екі мектеп оқушысы ие болды.