(11.11.2020 Николашина Ольга Леонидовна @nikolashina66 (Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация орталығының басшысы, облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор) жасөспірімдердің ата-аналарына арналған облыстық онлайн-семинар ұйымдастырылды, оған 200-ден астам адам қатысты. Семинардың негізгі міндеті тыңдаушыларға туындаған даулар мен жанжалдарды сот талқылауларына жеткізбей шешуге болатындығы туралы ойды жеткізу болды. Ол үшін Павлодар облысында 3 жыл бойы «Мектеп/колледж - жанжалсыз аумақ» атты мектеп және студенттік медиация жобасы жүзеге асырылуда. Медиацияол -жанжалды үшінші тараптың қатысуымен шешудің заманауи тәсілі.
Ата-аналарға арналған облыстық онлайн-семинар