«Ботай мәдениеті. Біз ол туралы не білеміз?» танымдық сағат
19.11.2020 жылы сағат 11-де 5 сынып оқушылары үшін № 41 ЖОБМ тарих мұғалімі Г. С. Туртугулова онлайн форматта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ботай мәдениеті. Біз ол туралы не білеміз?» атты танымдық сағат өткізді. Кездесудің мақсаты: Оқушылардың ел тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру және Ботай мәдениеті – дала өркениетінің мақтанышы екенін дәлелдеу. Ботай мәдениетін зерттеудің маңыздылығын еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап өтіп, оның қазақ халқының тарихы контекстіндегі тарихи рөлін атап өтті. Оқушылар онлайн-форматта осы тақырып бойынша презентациямен және бейнематериалдармен танысты, тарихи викторина сұрақтарына жауап берді.