«Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша
2021 жылғы 18 ақпанда Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында № 41 ЖОБМ Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің этнография және тарих бөлімі басшысы Шолпан Кадыровна Абикешеваның қатысуымен «Қазақ халқының дәстүрлері мен қонақжайлылығы» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен онлайн-конференция өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту: бата, ерулік, көрімдік және шашу. Іс шараға 80 бала қатысты. Осы іс-шараның нәтижесінде балалар қазақтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдерін толықтырды, презентациялар мен бейнероликтер түрінде ұсынылған танымдық ақпараттар алды, балалар онлайн сауалнама-викторинаға белсенді қатысты.