Өткен демалыс күндері Ақтоғай ауылының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жылдам шахматтан Павлодар облысы кубогының 4-ші кезеңі өтті. Турнирге барлық деңгейдегі және жас санаттарындағы 104 шахматшы қатысты!
Біздің 41-ші мектебімізден жарысқа 3 "ә" сыныбының оқушысы- Малика Бектемісова және 5 "ә" сыныбының оқушысы - Нұржан Закирьянов қатысты!
Қорытынды есепте біздің Малика мүмкін болған 9 жеңістің 5 нәтижесімен 48-ші болды және 16 жасқа дейінгі қыздар арасында 2-ші құрметті орынды иеленді! Нұржан 9-дан тек 4-ін ғана жинап, жалпы есепте 59-орынды иеленді.
Малика шахматпен 1-ші сыныптан бастап айналысады, бірнеше облыстық және қалалық онлайн-турнирлерге қатысып, өзінің алғашқы офлайн-турнирінде өте жақсы ойнады. Жарайсың!