Жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығына орай «Мен тұратын жер» көрмесі
![Жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығына орай «Мен тұратын жер» көрмесі](/media/img/blogs/608a76a3de336.jpg)
Қазақстанда 26-30 сәуір аралығында жалпы республикалық "Экологиялық білім беру апталығы" аясында №41 мектеп кітапханасында «Мен тұратын жер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме материалдары 1-11 сынып оқушыларын жер экологиясымен, адам табиғатын ластаудың негізгі факторларымен таныстырады. Көрменің мақсаты оқушыларды табиғатқа сүйіспеншілікке және оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу, бәріміз бір ортақ тұратын үй үшін экологиялық жауапкершілік сезімін ояту.