Кітап оқып, бақытты болыңыз!

17 қарашада «Оқуға құштар мектеп»республикалық жобасы аясында,Павлодар педагогикалық университеті кітапханасының қызметкері А.М. Ускимбаева №41 мектеп кітапханасының қабырғасында,3-сынып оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапті күнделікті оқудың пайдасы, кітаптың зияткерліктің дамуына әсері және дұрыс сөйлеу туралы әңгіме өткізді. Кездесу соңында мектеп кітапханасына кітап сыйлықтары табысталды.