24 Наурызда 10 "А" сынып оқушылары С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығы ұйымдастырған "Құқықтар мен міндеттердің гармониясы" диалог алаңына қатысты. Іс-шара қатысушылармен өзара іс-қимыл жасауға, диалогтық қарым-қатынасты дамытуға негізделді.Іс-шараны өткізуге "Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті" ММ басшысының орынбасары Г. К. Узденбаева, Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің аға инспекторы А. А. Сабитова, Павлодар облысы Еңбек басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Т. М. Махамбетов, "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің әдіскері К. С. Медегулова қатысты.Диалог барысында қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды: құқықтар қайда аяқталады және міндеттер қайдан басталады, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы, жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру, қиын өмірлік жағдайларда көмек пен психологиялық қолдау алу үшін кімге жүгінуге болады.
С.БАЯЗИТОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ БАЗАСЫНДА «ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ГАРМОНИЯСЫ» ДИАЛОГ АЛАҢЫ