ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ҰЛЫ ЖЕҢІС-ҰРПАҚҚА МҰРА!» АТТЫ АШЫҚ КІТАП КӨРМЕСІ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы жақындап келеді. Осы атаулы күнге, 5 мамыр күні кітапхана қабырғасында «Ұлы Жеңіс-ұрпаққа мұра!»атты ашық кітап көрмесі өтті. Ашық көрсетілімге мектеп оқушылары қатысып, осы қасіретті соғыстың ұзақ және ауыр-1418 күні мен түні, елдің жеңісіне өз үлесін қосқан қазақстандықтардың ерліктері туралы баяндайтын көрме материалдарымен танысты. Көрмеде Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жазушылардың көркем әскери прозасы, сондай-ақ павлодарлық өлкетанушылардың соғыс жылдарындағы ерліктері туралы басылымдары ұсынылды.