КОНСТИТУЦИЯ КҮГІНЕ АРНАЛҒАН «АЗАТ ЕЛДІҢ АР НАМЫСЫ-АТА ЗАҢ» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ
Құрметті оқырмандар! Сіздерді келе жатқан Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймыз! 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституция күнін атап өтеді. 1995 жылы қабылданған Конституцияға сәйкес Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, адамның құқығы мен бостандығы.Конституция-еліміздің Тәуелсіздігінің сенімді кепілі. 25 тамыздан бастап мектеп кітапханасы Қазақстан Конституциясы күніне арналған «Азат елдің ар намысы-ата заң» атты кітап көрмесінің ашық көрінісін өткізеді. Сіздерді еліміздің Негізгі Заңының 9 тарауын қамтитын көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.