«OLYMPHOUSE»
2022 жылғы 27 қыркүйекте № 7 мектеп базасында 5-сынып оқушылары үшін қалалық математикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. Олимпиада "OLYMPHOUSE" олимпиадалық дайындық орталығымен бірлесіп өткізілді .
Іріктеу турының қорытындысы бойынша 5" В "сынып оқушысы Кароль Денис 4 қазан күні "OLYMPHOUSE" олимпиадалық дайындық орталығының базасында өткен қорытынды қалалық кезеңге өтті. Денис ІІІ жүлделі орынға ие болды.
Денис пен ұстаз Айгүл Есенжасқызын жеңіспен құттықтаймыз! Зияткерлік сайыстарда табыс тілейміз!