20-21 қазан күндері кітапхананың оқу залында «Менің Отным-Қазақстан!» атты ашық кітап көрмесі біздің еліміз 25 қазанда тойлайтын Қазақстан Республикасының күніне орайластырылған.Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Қазақстанда Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.Көрме материалдары оқырмандарымызды осы мерекенің тарихымен таныстырды. Көрмеге мектеп оқушылары қатысты.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ АШЫҚ КІТАП КӨРМЕСІ