Қазақстан Республикасының 20-жылдығын тойлау және 2011 жылға Тілдердің қызмет етуі мен дамуы бағдарламасын орындау шеңберінде 2011 жылғы 28 сәуір күні Мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі Қ.Әбүсейітов атындағы мәдени-сауық орталығында қаланың мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының 18-30 жастардағы түпкілікті емес ұлтты қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» конкурсын өткізді.
Конкурсқа 24 адам қатысты. Біздің мектепті бастауыш сынып мұғалімі Ирина Владимировна Шмик айтуға тұрарлықтай көрсетті. Конкурста сапалы қатысқандықтан, «Қазақ тілін жақсы меңгерген үшін» номинациясында ерекшеленіп және құнды сыйлықтармен марапатталды.
Қазақ тілі мұғалімдері Қ.С.Жүсіпова мен Г.Т. Жұматаева конкурсқа дайындығында ат салысқан болатын. Мұғалімдердің осы бағытта тәжірибелері бар. Біз қатысушы мен мұғалімдерді табысты жұмыспен құттықтаймыз, оларға әрі қарай мемлекеттік тілді білудегі білімін арттыруында және оқушыларға қазақ халқының тілін, салт-дәстүрін сыйлау рухында тәрбиелеуінде жетістік тілейміз.