Оқу жылы аяқталғалы жатыр және қорытындылар шығаратын уақыт та жетті. 5 мамыр күні «Балауса» фестивалінің лауреаттарын Павлодар қаласының басты сахнасында құттықтады.
Биылғы жылы фестиваль көп жанрлы болды: көркем оқу, хормен айту, бардтық әндер, эстрада. Бұл барлық жанрларда біздің жас әртістеріміз өте жақсы сахнаға шықты, ал мектептің хоры қала мектептері арасында ең үздік боп танылды. «Балауса» фестивалінің көшірмелі кубогы шығармашылықтың ең жоғары нәтижелері үшін берілді, 2011 жылғы 5 мамырда ҚМС сахнасында № 41 ЖОБМ директоры А.Ж.Ерубаеваға берілген болатын. «Балауса» фестивалінің көшірмелі кубогын беру идеясы 2008 жылы туған болатын, сол жылы да біздің мектеп оның бірінші иегері болды. Үш жыл өтті – мінеки, кубок тағыда 41 мектепте! Құттықтаймыз!