2 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында №41 мектептің кітапханасы С. М. Торайғыров атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға көшпелі экскурсия ұйымдастырды. Қаланың ең ірі кітапханаларының біріне 10 Ә сынып оқушылары келді. Балалар кітапхана залдары бойынша қызықты саяхат жасады, кітап қоймасын аларады, кітапхананыңтарихымен және оның даму жоспарларымен танысты. Ал сирек кітаптар бөлімінде олар ең үлкен қолжазбаларды және миниатюралық кітаптар жинағын көре алды.Осы кітапханаға алғаш рет келген балалар кітапхананың техникалық мүмкіндіктеріне, барлық танымал бағыттар бойынша кітаптардың, журналдардың қолда бар құнды экспонаттарына және кітапхана ұйымдастыратын іс-шараларға: конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, қызығушылық клубтарына, Павлодар облысының танымал адамдарымен-ақындармен, жазушылармен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулерге қатысуға әр оқырманың болатының білді.
«КІТАП ПАТШАЛЫҒЫНА» САЯХАТ