Жалпыұлттық патриоттық диктант

Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де «Павлодар қаласының № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» КММ-де Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында педагогтар мен оқушылардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды. Оған 63 педагог, оқушы 568 қатысты.