ҚР Республика күнін мерекелеу аясында 23 қазандамектеп кітапханасында 5-сынып оқушыларымен«Елімнің тарихын кітаптан білемін» атты әдеби сағат өтті. Шараның мақсаты - қазақстандықкітаптарды, қазақ жазушыларының шығармашылығын насихаттау, қазақ халқының тарихи өткеніне, мәдени мұрасына, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген терең құрмет сезімін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Шараға Анастасия Каменских, Елизавета Герасенко, Ернар Ардуваров, Исатай Иссматулла, Ерсин Каусар, Виктория Соколова, Арнур Рамазан қатысты. Ұсынылған кітаптардан өлеңдер мен үзінділер екі тілде айтылды.
Мереке қарсаңында мектеп кітапханасында «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Ол оқырмандарды өткеніміздің жарқын сәттерімен таныстырады, Қазақстанның қазіргі әлемдегі биік мәртебесін және оның даму перспективаларын көрсетеді.