«Үздіктен үйрен»: « Табысты мұғалім- табысты оқушы»
2023 жылғы 3 қарашада «Үздіктен үйрен»: «Табысты мұғалім - табысты оқушы» аймақтық воркшоп аясында №41 ЖОББМ КММ-де « 5,10 сыныптарда оқыту процесінің сабақтастық принципін іске асыру және сәтті бейімделу жағдайлары» тақырыбында кіші педагогикалық кеңес өтті. Бейімделу кезеңі - мектептегі оқудың ең қиын кезеңдерінің бірі. Мұндай тұжырымға көптеген себептер бар: бұл кезеңдегі балалардың жағдайы педагогикалық тұрғыдан төмен ұйымшылдықпен, кейде тәртіпсіздікпен, оқуға және оның нәтижелеріне қызығушылықтың төмендеуімен, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, ситуациялық алаңдаушылықтың жоғары деңгейімен сипатталады. Сондықтан мектебіміздің педагогикалық ұжымының назары мектеп қауымдастығының тұрақты дамуының шарты ретінде білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Педагогикалық кеңесте мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, психолог және сараптамалық кеңес өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
5, 10 сынып оқушыларының бейімделуінің барлық аспектілері қарастырылды. Мектеп ұжымы сараптамалық кеңеспен өзара әрекеттесе отырып, үйлесімді оқушы тұлғасын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін маңызды, өзекті, мазмұнды және нәтижелі шешімдер қабылдады.